30.11.2019, 12:19
Оқылды: 128

БҚО-да инсультқа қарсы орталық ашылды

Бүгін Ақжайық аудандық аурухана базасында жасақталған инсультқа қарсы орталықтың ашылу салтанаты өтті. Мереке қарсаңындағы шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, аудан халқының қуанышымен ортақтасты.

IMG-20191130-WA0023-800x533

Салтанатты шарада сөз алған Ғали Нәжімеденұлы жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, толайым табыс тіледі.

IMG-20191130-WA0021-800x533

«Еліміз егемендік алғалы халық қамы үшін көптеген игі іс атқарылып келеді. Солардың бірі - аудандық ауруханадан ашылғалы тұрған инсульт орталығы. Осы жерде облыстың Ақжайық, Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала және Қазталов аудандарының халқы медициналық қызмет алатын болады. Қызмет көрсету радиусы 124 мың 783 адамды құрайды», - деді облыс әкімі.

IMG-20191130-WA0020-800x533

Медицина саласының ардагері Рауза Шайденқызы да өз саласының өткені мен бүгініне тоқталып, қол жетіп жатқан биіктің бәрі ел саясаты мен көшбасшылардың көрегендігі екендігін тілге тиек етті. Аудан ақсақалдарының атынан сөз алған Науқан Есеналиев жергілікті дәрігерлердің жұмысына алғыс білдіріп, орталықтың ашылуы қазіргі таңда белең алған инсульт ауруын болдырмауда жасалған уақытылы әрі оң қадам екенін айтты.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев пен еңбек ардагері Еділбай Меңдешев ашылғалы тұрған инсультқа қарсы орталықтың лентасын қиып, ұжыммен тілдесті. Компьютерлік томография аппаратының жұмысымен жіті танысып шыққан облыс басшысы күні бүгінге дейін облыс орталығынан ақылы көрсетіліп келген қызмет түрі келер жылдан бастап медициналық сақтандыру арқылы аудан халқына тегін жасалатыны үлкен жетістік екенін айтты.
Облыстық бюджет арқылы жалпы құны 348 млн. теңгеге жабдықталып, жаңадан жұмысын бастағалы тұрған орталық 10 орынға жоспарланған. Яғни, 7 орын ерте уақытта оңалту және 3 төсек қарқынды терапеяға арналған. Сонымен қатар орталықтың жұмысы үшін құны 27 млн. 709 мың теңге тұратын аппараттар алынып, жаңа кіші операциялық зал мен экспресс-зертхана ашылмақ.

Болашақ инсульт орталығында қызмет ету үшін екі дәрігер қайта даярлаудан өткен екен. Сондай-ақ аурухана стационарына да талапқа сай жөндеу жұмысы жүргізіліп, компьютерлік томография аппараты орнатылыпты.
Айта кету керек, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша инсульт аурушаңдығы 48,8 пайызға, осы дерт салдарынан өлім-жітім көрсеткіші 12,5 пайызға артқан.

Рауан Таңатжанұлы,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz

IMG-20191130-WA0028-800x534IMG-20191130-WA0025-800x534IMG-20191130-WA0022-800x534IMG-20191130-WA0029-800x534

IMG-20191130-WA0026-800x534
IMG-20191130-WA0017-800x533 IMG-20191130-WA0018-800x533

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале