7.10.2022, 17:45
Оқылды: 61

Бөкей елінде жаңа имам

Бөкей ордасы ауданының басшысы Нұрлыбек Даумов дін қызметкерлерін қабылдады. Нақтырақ айтсақ, жұмыс барысымен басқа ауданға ауысып жатқан аудандық орталық мешітінің имамы Қуандық Насыровқа сәттілік тілеп, нәтижелі еңбегі үшін алғысын айтты.

6

- Қуандық Насыровпен аз да болса да қоян-қолтық қызмет атқардық. Бұл кісі туралы тек жақсы сөздер айта аламыз. Діни сауаттылықпен қатар жергілікті жамағатты спорттық шараларға белсенді қатыстыра білді. Осы кісінің ұйымдастыруымен орталық мешітте жөндеу жұмыстары да жүргізілді, - деп,  Қуандық Насыровқа Бөкей ордасы энциклопедиясын тарту етіп, алғысхат табыстады.

7

Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бұйрығымен аудандық орталық мешітің имамы болып Азамат Қанатұлы бекітілді.

8

Шараға облыстық орталық мешіттің наиб имамы Ерденбек Ихсанов қатысты.

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале