15.06.2020, 9:56
Оқылды: 111

Бөкей ордаға ангус пен герефорд келді

Ел төскейі жай малға емес, асыл тұқымды малға толықты. Мамырдың аяғында Бөкей ордасы ауданына Белоруссиядан абердин-ангус асыл тұқымды 33 бас мал әкелінді.

Mal

Бұл темірмасиндік Руслан Сисенғалиевтің шетелден жеткізген алғашқы ірі қаралары емес. Жыл басынан бері жеке шаруа Р.Сисенғалиев қорасын аталмыш елден 121 абердин-ангус тұқымдас қашарымен толтырған.

Тағы бір бөрлілік шаруа  Исатай Ғабдоллин де асыл тұқымды қашарлар әкеліп, мал тұқымын асылдандыру бағытында еңбек етуде. И.Ғабдоллин Венгрия елінен 26 герефорд тұқымдас қашарларды әкелсе, кейін Белоруссиядан  осы тұқымдас 80 мал сатып алған.

– Үстіміздегі жылдың бес айында ауданымызға сырттан 260 асыл тұқымды мал әкелінді. Олардың барлығы да ветеринарлық талаптарға сай карантинге қойылды, – дейді аудандық аумақтық инспекция инспекторы, бас маман Дүйсенбай Молдағалиев.

Биыл жеке шаруалармен 260 асыл тұқымды мал алынса, былтыр 544 аналық мал алынған.

Раушан Жанатқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале