19.10.2020, 11:14
Оқылды: 67

Дариянда өткен танымдық кеш туған жерге арналды

Әр адамның туған жері – дүниедегі ең қадірлі мекені. Бойындағы бар жақсы қасиеті үшін әр адам туған жеріне қарыздар. Иен далада елегізіп қарап тұратын кішкентай ауылдар үлкен жолға шығарып салатын ұлы қасиетін ешқашан жоғалтқан емес. Адамның патриоттық сезімінің қайнар көзі ауылдан бастау алады. Ал патриотизмнің нақ үлгісі кіндік қаны тамған туған өлкеге деген сүйіспеншіліктен басталады.

Tugan jer (2)

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық балалар модельді кітапханасы мен ауылдық кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруларымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жерге арналған кіші бағдарламасы аясында «Туған жерің – түп қазығың» атты танымдық кеш ауылдағы «Шабыт» коворкинг орталығында өтті.

Ұлттар татулығы берік орнаған ел болашағының жарқын боларын жеткізу мақсатында өткен шараға ауыл мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Тағылымды кеш барысында кітапханашы Мәрзия Қонысбаева мен Дәулет Мақсот жиналғандарға туған жер туралы кең мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ қатысушылар назарына Дариян ауылының тамаша табиғаты, негізгі кәсібі, ауыл тұрғындары мен мақтаныштары жайында бейнеролик ұсынылды.

Tugan jer (3)

Одан әрі жүргізушілер жиналғандарға сұрақтар қойып, оқушылар тұшымды жауаптарын берді. Сонымен бірге туған жер туралы жыр орындалып, шағын көрініс те көпшілік назарына ұсынылды.

Шара соңында «Туған өлкем – жұмақ мекен» тақырыбында дайындалған фильмді тамашалаған қонақтар жерлес ақын-жазушылардың туындылары қойылған көрмені тамашалап тарқасты.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы 

  zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале