15.12.2020, 14:43
Оқылды: 62

Дариянға Мәжіліс депутаттары келді

Бәйтерек ауданы Дариян ауылына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева іссапармен келді.

smart

Халық қалаулылары алдымен М.Шолохов атындағы мұражайды тамашалады. Сондай-ақ ауыл жастарымен кездесті. Кездесу барысында БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, Вера Шохина қоғамдық кеңес ұйымы мен аудандық «Арна» әйелдер кеңесінің, ауыл еріктілерінің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

Кейін Мәжіліс депутаттары көп балалы ана Сәуле Қашқынбаеваның және Абдолла Дәулетов, Шолпан Әбиева сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың, тыл ардагері Василий Якобенконың және ауыл ақсақалы Асылбек Сұлтанғалиевтың шаңырақтарына арнайы барып, хал-жағдайларымен танысты. Кездесулер барысында депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға жәрдемақы, өтемақылардың уақтылы берілуі, елдегі іске асып жатқан игілікті істер әлі жалғасатынын айтты.

Халық қалаулыларымен кездесу барысында тыл ардагері Василий Якобенко өзіне әлеуметтік қызметкер қажет екенін айтты.  Бұл мәселені ауылдық округ әкімдігі таяу арада шешпек. Сонымен қатар Абдолла Дәулетов, Шолпан Әбиеваның үйлерінің төбесі сөгілген. Оны да жергілікті әкімдік шешуде.

  Меймандарды зор қуанышпен қарсы алған ауыл ақсақалы Асылбек Сұлтанғалиев қоғамда болып жатқан жағдайлардың көбінен хабардар екенін жеткізіп, елге келіп, халық жағдайымен танысқан мәжіліс депутаттарына ақ батасын берді.

smart

Кездесу соңында Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева ауыл жастары мн азаматтарын алда боатын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

       

         

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале