20.03.2021, 19:37
Оқылды: 53

Депутаттар Парламентке гиршпрунг ауруын шетелде квотамен емдеу туралы хат жолдады

Сырым аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы мәселе қаралды.

C9E0D9FF-195F-43CC-AEA2-E22285269D59

Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның бастамасымен аудандық мәслихат депутаттары атынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты Ләззат Рысбековаға және Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашеваға гиршпрунг ауруымен ауыратын балаларға шет елдерде емделуге квота бөлу сұралған хат жолданды. Хатта Сырым ауданында Есмагулова Айша Асылбекқызы мен Абай Нұрберген Ибрайұлына гиршпрунг ауруы диагнозы қойылғаны, бұл ауруды Қазақстанда емдеу қарастылмағаны, шет елде тегін емделу үшін медициналық көмек– квота бөлінбегені, қазіргі таңда Айша Есмагулованың Мәскеу қаласындағы "Морозовское ДГКБ-на тексерістен өтуіне қомақты қаржы қажеттігі, ауданның жұмылып Айшаға қол ұшын созып жатқандығы айтылып, мұндай диагнозбен ауыратын балалардың шет елде емделуіне республика көлемінде бюджеттен қаражат қарастыруға ұсыныс білдірілген.

Хатты алған Л.Рысбекова Үкімет отырысына жіберетінін, С.Имашева ханым ұсынысты жоғарыға міндетті түрде жеткізетінін мәлімдепті.

Айта кетейік, Шынар Дүйсенғалиева ауданда ана мен бала амандығы, отбасы құндылығы үшін шырылдап жүрген жандар қатарынан.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале