20.07.2023, 18:00
Оқылды: 14

Дөңгелек үстел өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның 125 жылдығына орай «Қазақ әйелдерінің теңдігі үшін күрескен тұлға» атты шара өтті.

image-20-07-23-04-44-3

Алдымен «Алаштың ардақтаған Алмасы еді» тақырыбындағы кітап көрмесін кітапханашы Ақерке Әділбекқызы библиографиялық шолу жасады.

image-20-07-23-04-44

Әрі қарай дөңгелек үстелге қатысушы ардагер оқырман Айтуған Шарафутдин Алма Оразбаева туралы естеліктерімен бөлісті.

Ауданымыздың өлкетанушысы Тыныштық Өтешқалиев, ардагер оқырман Шаһидолла Абуғалиев, кітапхана оқырмандары Рая Апақаева, Надежда Өтешқалиева да өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Айзере» әжелер ансамблі Ерлан Сатыбаевтың сүйемелдеуімен өнерлерін көрсетті. Аталмыш орталықтың әншілері Камила Жексенғалиева, Жанболат Мұсағалиев, кітапханашы Ақерке Габдулина «Перзент сыры», «Бозторғай ана» және «Есіңе мені алғайсың» әндерін шырқады.

Шара соңында Дина Мұқашева меймандарға алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Жанна Мырзаханқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале