23.12.2016, 18:49
Оқылды: 199

Энергетиктер күнімен құттықтады

janibek-energetik   Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев Энергетиктер күніне орай аудандық электр торабына барып, ұжым қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.


   Біржан Қайырғалиұлы аудан халқын электр жарығымен қамтамасыз етудегі ұжымның еңбегіне толайым табыс тілеп, оларды алғыс хатпен марапаттады.

  Сондай-ақ мерекеге орай аудандық электр торабының қызметкерлері Т.Жалмұқанов, Ә.Қуанғалиев, Т.Шилихина Қазақстан Электр-энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен, ал М.Кожеков, С.Шилихин, Н.Козлов, М.Чукеевалар «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компания» акционерлік қоғамының «Құрметті энергетик» төсбелгілерімен марапатталды.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале