21.09.2022, 16:01
Оқылды: 45

Этномедиация - ел ішіндегі бірлік пен татулықтың кепілі       

Бүгін Шыңғырлау ауданы орталығында «Этномедиация - ел ішіндегі бірлік пен татулықтың кепілі» тақырыбында  облыстық семинар өтті. 

IMG-20220921-WA0026

Семинарды облыс орталығындағы татуласу орталығының медиаторлары мен кеңесші-заңгері, мамандары өткізіп, жиын соңында тұрғындармен кездесу жасады. Сонымен қатар мамандар келушілерге тегін заңгерлік кеңес берді.

Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ашып, медиация қызметінің, сондай-ақ татуласу орталықтарының бүгінгі таңдағы маңыздылығын, адамдар үшін қажеттілігін түсіндіріп өтті.

Жиналғандар алдында БҚО Татуласу орталығының басшысы Алуа Рахишева көптеген мағлұматтармен бөлісіп, медиация жұмысын ғылыми, тарихи, заңгерлік тұрғыда талдап түсіндірді. Әсіресе көп ұлтты еліміз үшін мұндай орталықтар мен медиация қызметтерінің қажеттілігіне назар аудару және кез келген уақытта олардың қызметін тегін пайдалана алатындықтарын айтты.

Семинарда аталған орталықтың кеңесші-заңгері Марат Хайруллин, орталықтың қоғамдық медиаторы  Ұлбазар Нұрмахановалар да сөз сөйлеп, ақпараттық бағытта түсіндіріп берді. Әсіресе заман талабына сай  ұлттардың татулығы үшін жер-жерде орталықтар жұмыс істеулері тиіс. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсініспеушілік болған жағдайда қандай қарекет және нені білу керек деген көптеген сұрақтарға заңды және әлеуметтік тұрғыда баға беріп, талдады.

- Иә, медиация қызметі және  татуластыру орталықтары көптеген  мәселелерді шешуде елімізде пайдалы болуда. Әйткенмен, азаматтар мен азаматшалардың осы үрдіске деген сенімдерін әлі де нығайтуға тиіспіз, - дейді семинарға қатысқан ауылдық медиаторлар.

Семинарда көптеген ақпараттарға қанығып, мамандардан ақыл-кеңес алғандар облыстан келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

 А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале