6.08.2021, 19:02
Оқылды: 83

Карантин талаптарын бұзуға жол жоқ

Қазіргі уақытта облысымызда эпидемиологиялық ахуал нашарлауда. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 қаулысына сәйкес, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады. D3612CD2-9B65-4620-A053-EECD8123D082

Бүгін аудандық мониторингтік топ мүшелері Қаратөбе ауылдық округі, Шөптікөл ауылында А. есімді азаматтың үйінде өткелі жатырған отбасылық шараның (қыз ұзату тойы) алдын алу мақсатында барды. Мониторингтік топ мүшелерінің тыйым салуымен отбасылық мереке тоқтатылды.

2D74CD65-C48C-4C3E-BC9F-961A924BCB6F

Карантин мен шектеу шараларына қарамастан шараны ұйымдастырған үй иесі мен асаба, музыканттар және видеооператорға ҚР ӘҚБт Кодексінің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Өкінішке орай, салынған тыйымды елемей, отбасылық мерекелерді аудан тұрғындары әлі де өткізуде, сол арқылы егде жастағы адамдардың ғана емес, балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

4FB40734-DDB1-4BF8-A60D-8CF4E91E6587

Аудандағы мониторингтік топ барлық тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын назарға салады және шектеу шараларын сақтап, отбасылық шараларды өткізбеуге шақырады.

 Серікбай Хасанов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале