19.05.2023, 17:26
Оқылды: 35

Қаратөбеде қол күресі жайлы кітап жарық көрді

Қаратөбе ауданында «Қол күресі спортының әдіс-тәсілдерімен жалпы ережелері» туралы облыстық семинар-кеңес өтті. 

IMG_3108
Қол күресі - тек қолдың емес, тұтас дегенің, ақыл мен жүректің күшін қажет ететін спорт. Ұлттық спорттың өңірімізде дамуы жолында Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол үйірмесінің жоғарғы санатты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық спорт төрешісі Нұрқат Нысановтың жөні бөлек. Нұрқаттың шәкірттері қазір көк туды әлем шыңдарынан желбіретіп жүр.
IMG_3106
Семинарда Нұрқаттың жеке тәжірибесі негізінде жазылған «Қол күресі спорты бойынша оқу-әдістемелік жинақ және қол күресі үйірмесінің авторлық бағдарламасы» атты кітап таныстырылды.
Кітаптың лентасын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин мен Батыс Қазақстан облысының гір спорты және қол күресі федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Ибатов қиды.
Семинар барысында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Армат Сисенов аудан намысын абыроймен қорғап жүрген балғын спортшы Мансұр Мағзомды алғыс хатпен, «Ауданда қол күресінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен егіндікөлдік Рашид Төлеуішовты марапаттап, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер карточкасын табыстады.
IMG_3107
Сонымен бірге сулыкөлдік Ердәулет Жакеевке Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне үміткер екендігін растайтын құжатты тапсырды.
Батыс Қазақстан облысының гір спорты және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Қолғанатұлы қол күресінің шығуы және даму тарихы, жетістіктер мен жарысқа шақыру ережелері туралы жалпы түсінік берсе, Нұрқат Есенжанұлы спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жұмысымен таныстырып, жарыстарға қатынасу үшін ережеге сай өтінім-тапсырыстарын және тағы да басқа қажетті құжаттарды толтыру үлгісі туралы айтты.
Күн тәртібіне сай қол күресі бойынша жарыс хаттамаларын толтыру туралы Орал қаласының жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты жаттықтырушысы Есенаман Бекболсынов түсінік берді.
Түскі үзілістен кейін семинарға қатысушылар денешынықтыру-сауықтыру кешенінде спорт мектебінің жетістіктерін тамашалап, жаттығу құралдарымен танысты.
Семинар барысында жарыс кезіндегі бас төреші, хатшы, команда жетекшісі және төрешілер мен жарысқа қатысушы спортшылардың міндеті, күресу кезіндегі төреші мен спортшының қағидасы, қол күресінің әдіс-тәсілдері мен белгіленген ережені бұзғаны үшін берілетін ескертулер және жалпы ережелер туралы айтылды.
                                                                Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале