25.10.2023, 11:52
Оқылды: 30

Қаратөбеде Мемлекеттік ту көтерілді

25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қаратөбе ауданында мерекелік шара өтті.

InShot_20231025_103616718

Айтулы мерекеге орай аудан тұрғындары орталық саябаққа ертемен жиналды. Алдымен тутұғырда Мемлекеттік туымыз салтанатты түрде көтерілді.

Гимн орындау (2)
Халқымыздың рухын көтеру мақсатында өткізілген мемлекеттік гимнді жаппай орындау шарасына қатысушылар Мемлекеттік Гимнді шырқады.

Ұлттық мерекеге орай өткізілген шарада Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері Сәнжан және Жарқын Байтеміровтер "Жасай бер, қазақ!", "Атамекен" әндерін орындады.

Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале