Қазталов ауданындағы Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына спортшылар да белсенді қатысты.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Манарбек Бектияров бастаған спорт саласының өкілдері сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Спорт саласының өкілдері: «Спортта жеңіске жету үшін әр қадамды нық басу керек. Ал ел болашағына қатысты таңдау жасау – әр азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан бүгінгі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауымызды жасадық», – деп атап өтті.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы