6.06.2021, 22:49
Оқылды: 48

Казталовтан бас жүлдемен оралды

Казталов ауданында 2006 жылғы түлектердің мектеп бітіруіне 15 жыл толуына және Хасен Маратұлы Тоясовты еске алуға арналған шағын футболдан ашық турнир өтті. Өңірдің үздік 12 командасы бақ сынаған аяқдоп аламанында Бәйтерек ауданының футболшылары да өнер көрсетті.

474B8EE6-824F-45FC-9E80-0D2F7C1FD7FE

Алдымен топтық кезең, кейін жартылай финал матчтарында да қарсыластарының апшысын қуырған бәйтеректік аяқдопшылар финалдық бәсекеде «Қабыршақты» командасымен күш сынасты.

23049931-97F9-4749-BECB-C13D0A2E8397

Мықты қарсыласқа қарсы күшті ойын көрсеткен Бәйтерек ауданының ойыншылары бәсекелестің әр шабуылын сәтті тоқтатып, өздері де қарымтасын қайтарып отырды. Қақпада Тимур Макаев белсенді өнер көрсетсе, Евгений Ищенко, Абай Батырбеков, Арман Мұрат сынды қорғаушылар «Қабыршақты» шабуылын тойтарып отырды. Ал команда ойынын үйлестіруші Асхат Мәжит Мұрат Баубеков, Нұрбек Жангалиев сияқты шабуылшыларды әдемі пастарымен қақпаға бағыттап отырды. Сауатты ойынның арқасында бәйтеректік футболшылар турнир жеңімпазы болды.

76C7E072-6D91-4443-B370-44EC7E1CD445

Жарыс бойы тамаша ойын көрсеткен Арман Мұрат "Үздік шабуылшы" аталымын иеленсе, команда көшбасшысы Асхат Мәжит "Үздік ойыншы" атанды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Суреттерді түсірген Мерхат Ибатов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале