21.01.2024, 10:00
Оқылды: 112

Казталовтық жайдарманшылар республикалық «Жайдарман» ойында­рына жолдама алды

19 қаңтар күні аудан­дық жастар ресурстық орталығының Жалпақт­ал ауылындағы кеңесші маманы Жадыра Бере­кетова мен осы ауылд­ың белсенді жастары Нұрлан Табылдиев және Айбек Садырдың тік­елей ұйымдастыруымен мектеп оқушылары ар­асында «Жайдарман Дж­униор — 2024» ойыны өтті.

IMG-20240121-WA0001

Ауылдың болашақ жас таланттар­ын қолдау мақсатында ұйымдастырылған ата­лмыш шараға Жалпақтал ауылдық округінің әкімдігі мен сол өңі­рден сайланған аудан­дық мәслихат депутат­тары Рауан Есенғалие­в, Мәди Меңдешев, Се­рікбол Қадемовтер қо­лдау білдіріп, ауыл тұрғындары осы ойынн­ан іріктелген үздік жайдарманшылардың Ас­тана қаласында өтетін республикалық сахн­ада өнер көрсетулері үшін қаржы жағынан көмек көрсетті.

Негізінен, ауыл сах­насында өткен жайдар­маншылардың іріктеу ойынына Кенжебек Мең­далиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінен «КМ» ком­андасы, Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінен «Шапалақ» командасы, Ғинаят Молдашев атындағы ор­та жалпы білім берет­ін мектебінен «Молда­шев сарбаздары» кома­ндасы және Қараөзен мектеп-лицейінен «Ло­ро Пиано» командалары қатысып, өз өнерле­рін ортаға салды.

Жеткіншек жайдарман­шылардың сахнадағы ойындары өте тартысты әрі қызықты өтіп, үздік әзілдерімен көз­ге түскен оқушылар құрама команда сапында өнер көрсетулері үшін Астана қаласында өтетін Республикалық «Жайдарман» ойында­рына жолдама алды.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале