21.02.2022, 18:28
Оқылды: 37

Көше толы өлексе

Теректі аудандық "Теректі жаңалығы" газетіне шағымданған подстепныйлық тұрғындар «Степная №2  көшесінде иттердің өлескесі жатыр, ешкім жинап та алмайды, қолқаны қапқан иістен тыныс ала алмайсың» деп хабарласқан болатын. Тұрғындардың уәжінен соң, іле-шала Подстепный ауылдық округі әкімінің орынбасары Сағадат Жолдығалиевпен сөйлескен едік.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 18.27.27

— Ауыл ішінде қыстай өлген иттер толып жатыр. Қар еріген сайын астынан шығып, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр. Оның барлығын естіп, біліп, аудандық «Теректі мал жәрдемі» бөлімі басшысы Алмас Юмабаевпен тілдескен едік. Бүгіннен қалдырмай ауыл ішіне тексеріс жасап, өлескелерді жинауға шығатындарын айтты,—деп жауап берді әкімнің орынбасары.

Аудандық басылым қашанда тұрғындардың талап-тілектерін жерде қалдырмай, тиісті мекемелермен байланыста болатынын айта кетейік.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале