Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»
25 Қыркүйек 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
25 Қыркүйек 2021

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды
25 Қыркүйек 2021

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен
24 Қыркүйек 2021

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен

Көшерге арнап әндерін...
24 Қыркүйек 2021

Көшерге арнап әндерін...

Айналаң күл-қоқысқа айналса...
24 Қыркүйек 2021

Айналаң күл-қоқысқа айналса...

Соңғы жаңалықтар
24 Қыркүйек
Құс асырау да табыс көзі

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға жан-жақты қолдау бар. Бәйтерек ауданында мемлекет қолдауымен қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, берілген қаражатын пайдалы іске жұмсап жатқандар көп. Солардың бірі – Арыстан есімді жас кәсіпкер ауданға қарасты Зеленый ауылдық округінде тұрады.

құс бизнес (3)

Ол құстың бірнеше түрін бағып, кәсіп етіп отыр. Жоспары – ферма ашып, Қазақстанда жасалған маркалы құс етін өндіру.

-Ісімді 2019 жылы бастадым. «Бизнес-Бастау» жобасы арқылы мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алдым. Ол ақшаға 200 тауық, оған қажетті жем-шөп алып, кәсіпті бастап кеттім. Салада тәжірибем аз болғандықтан көп ұзамай балапандарымның біразы өлді. Сол кезде құс бағуда тәжірибесі бар жерлестеріммен ақылдасып, дәрумен беру, жем салу және бағу жайында кеңес алдым. Қазір кәсіптің қыр-сырына қанықтым. Құстардың санын көбейтіп отырмыз. Ата-анам қолдау көрсетіп, ақылдарын айтып отырады, – дейді Арыстан Сатым.

құс бизнес (8)

Осы күні жас кәсіпкердің ауласында тауықтың бірнеше түрі мен қаз, үйрек те жүр. Мемлекет берген қаржыға сыйымдылығы 104 жұмыртқаға жететін инкубатор алып, балапан бастырудың да қыр-сырын әбден меңгерген. Әкесі Рашидтің көмегімен жаңа қора тұрғызып, тауықтарға ыңғайлы жағдай жасаған.

Доминант, леггорн, коралл тұқымдас тауық бағып отырған шаруа тәулігіне орташа есеппен 30 жұмыртқа алатынын айтады. Сөзінше, қазір халықтың табиғи таза жұмыртқаға деген сұранысы артқан екен.

– Жұмыртқаны апта сайын қалаға өткіземіз. Шаруамды жүргізуге жергілікті кәсіпкер әрі меценат Нысанбай Киргенев көп көмегін тигізді. Ол арзан бағамен жем береді, – дейді жас Арыстан.

Тек жұмыртқа сатып, алысқа бармайтынын түсінген құсшы бала үйрек пен қаз асырауға да кіріскен. Қысқа қарай құс етін сатуды да қолға алмақ ниетте.

құс бизнес (6)

Бір жылдан астам уақыт ішінде біраз тәжірибе жинақтаған кәсіпкер құс ауруының алдын алу, әлсіреп, дертке шалдыққан құсты емдеуді де үйренген. Дәнді-дақылдар арнайы дәрумендерді араластыру пропорциясын да толық меңгеріп алыпты. Бала күнінен шаруаға бейім, малсақ әрі еңбекқор Арыстан құстарына уақтылы күтім жасап, жайылымға шығарып отырады.

– Құс асыраудың еш қиындығы жоқ. Уақтылы шығарып, жайып отырсаңыз болғаны. Өзіме қаз артына түсіп, солардың көк шөпке бас салғанына қарап отырған ұнайды. Жер теуіп, жемтігін іздеген тауықты бақылағанды да жақсы көрем. Ал үйректің сүп-сүйкімді балапандары тіптен әдемі, – дейді Арыстан Сатым.

Қандай іс бастаса да соңына дейін жеткізетін жас кәсіпкер болашақта кең қора салып, құс санын көбейткісі келеді. Тіпті түйеқұс асырауды жоспарлап жүр.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz