23.08.2026, 16:20
Оқылды: 13

Мәдениет саласының үздігі мен ұлағатты ұстаз Құрылтай сайлауына қатысты

ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұмабай Байғалиев және ұзақ жыл бойы ұстаздық қызмет атқарған зейнеткер Жанат Төлегенқызы №419 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын таңдау науқанына қатысты.

image-23-08-26-04-15

Жұмабай Байғалиев – аудандағы халықтық «Алтын қазына» ансамблінің мүшесі, ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнер саласының өкілі. Жанат Төлегенқызы ұзақ жыл бойы ұстаздық етіп, бүгінгі таңда халықтық «Елім-ай» әжелер тобының құрамында өнер көрсетеді.

Ерлі-зайыптылардың сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық таңдауын жасауы ұлттық құндылықтар мен қоғамдық белсенділіктің сабақтастығын көрсетеді.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале