22.08.2017, 10:11
Оқылды: 23

Мал өсіруге несие алуда

Жәнібек ауданында биылғы жеті айдың ішінде  «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында көзделген жұмыстар жүзеге асырылуда.


Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың бізге берген мәліметіне сәйкес, аталған бағдарламаның  несие беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды көздеген «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты екінші бағыты бойынша да ауданда біркелкі жұмыстар атқарылған.

Биыл есепті мерзімде бұл мақсатқа жоба ретінде 22 адамға 105,7 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылуда. Қазіргі күні «Игілік» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚ филиалы арқылы ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін 5 адам 26 миллион теңге мөлшерінде несие алған. Ал «Іскер» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5 адам мал бордақылау және мал сою орнын ұлғайту мақсатына 24,5 миллион теңге несие қаржыларын алды.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале