26.11.2021, 17:50
Оқылды: 70

Маңызы зор дөңгелек үстел

Кітапханамызда «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат берілді.

Маңызы зор дөңгелек үстел

Шараға мәдениет қызметкерлері, ауылдық жастар ресурстық орталығының маманы Е.Серікбаев, зейнеткер ұстаз Ж.Рамазанұлы және Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ аталмыш мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.

«Латын әліпбиіне көшу - қазақ тіліміздің жаңа белесі» атты баяндаманы балалар кітапханашысы Мырзағалиева оқыды. Дөңгелек үстел барысында «Қазақ қоғамы латын әліпбиіне көшуге дайын ба?», «Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?» деген сұрақтар бойынша пікірлер айтылды.

Зейнеткер Ж.Рамазанұлы өзі көп жылдар физика пәнінен дәріс бергендіктен, қиындықтарға тап болмаймыз ба деген күдігін жасырмады. Ал жастар маманы Е.Серікбаев болса, оны қолдайтынын, тек аға буынға ұрпаққа ғана көндігу қиындық туғызбаса, жастар тез меңгеретіні туралы және мектептегі әліпбиді латынша қаріппен оқып шыққан ұрпақ үшін жеңіл болады деген пікірін жеткізді.

Оқушыларға латын әрпімен жазылған мәтіндерді оқытып, олардың жеңіл оқып шыққанына қатысушылар куә болды.

Бұл дөңгелек үстелде латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ болады деген қорытындыға келдік.

Б.Үмбетқызы,

Қызылоба ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале