7.07.2022, 18:09
Оқылды: 76

Мәжіліс депутаты Қаратөбе ауданында

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Снежанна Имашева Қаратөбе ауданында арнайы жұмыс сапарымен болды.

Снежанна сапары (3)

Ауданға сапарын былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өткен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен бастап кітапхана қызметкерлерімен жүздесті. Алдымен кітапхананың оқу залы, балалар бөлімі, әдістемелік бөлімдерін аралап, оқырмандар үшін келген жаңа әдебиеттермен танысқан Снежанна Имашева кітапханашылардан жұмыстары туралы, қызмет бабындағы кездесетін мәселелері турасында сұрады.

Снежанна сапары (7)

Одан соң аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуде сөз алған халық қалаулысы Снежанна Вальерьевна гендерлік саясаттың қоғамдағы маңызы жөнінде, әйел азаматшалардың қоғамымыздың барлық саласында белсенді қызмет жасауы,ел дамуына қосқан қомақты үлес екендігін атап өтті.

Жиын барысында сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов, «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Оразалина елдегі қымбатшылық, ауылдық жерлердегі жұмыссыз отырған әйел азаматшалардың әлеуметтік жағдайлары, жеке кәсіпкерлер мен қожалықта жұмыс жасайтын адамдардың әлеуметтік аударымдарын заңмен реттеу, әйелдердің зейнет жасын төмендету турасында ұсыныс-пікірлерін айтып өтті.

Қаратөбедегі жұмыс сапарын аудандық полиция бөліміне қарасты құрылысы жүріп жатқан тірек пунктінің құрылысымен танысқан Снежанна Имашева ауданға қарасты іргелі ауылдық округтердің бірі Сулыкөл округінде жалғастырды.

Сулыкөл ауылына барған халық қалаулысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысып, ауылдағы ақ халатты абзал жандармен жүздесті. Округтегі сапары барысында жеке мәселелерімен жолыққан ауыл тұрғындарына қоғамдық қабылдау жүргізген Снежанна Имашева ауылдағы жамағатқа арнап салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале