15.02.2022, 10:00
Оқылды: 61

Мектеп жаңарды, балабақша кеңейді

Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінің әкімдігі тұрғындармен жиі кездесіп, ауылда атқарылған жұмыстарды талқылап, алда жасалар істі ортаға салып тұрады екен. Мұндай шаралар тұрғындарды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жөнінде хабардар етіп, ұсыныстар жасауға және пікір алмасуға мүмкіндік береді. Ақжайық ауданымен шектесетін Янайкин ауылдық округінде мыңнан астам тұрғын бар. Оның 879-ы Янайкинде, 105 адам Скворкинде, 47-сі Богатскіде. Ауылдағы үй шаруашылықтарының саны – 377. Янайкинде 271 аула болса, Скворкинде – 47, Богатскіде – 19 аула бар.

IMG-20220215-WA0019

Өткен жылғы есептік кездесуде Янайкин ауылына «Таза су» бағдарламасымен ауыз су кіргізу және бала саны артып, тарлық еткен Янайкин ауылындағы мектепке қосымша ғимарат салу сияқты мәселелер көтерілген. Атқарылған тиянақты жұмыстың арқасында биыл аталған мәселелер оңынан шешіліпті. Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында округ орталығы таза ауыз сумен қамтылды. Көптен бері ауылды толғандырған мәселенің шешімін тапқанына ел риза. Сондай-ақ ауылдағы Т.Бигелдинов атындағы мектебіне қосымша екі қабатты ғимарат салу жобасы да шешімін тапты. Ай соңына дейін оқушылар жаңа ғимаратқа ауысады. Ауыл мектебіне қосымша ғимарат салу бірден екі мәселенің шешілуіне сеп болды. Біріншісі оқушыларға тарлық еткен мектепті кеңейтсе, екіншісі ауылдағы балабақша ғимаратын кеңейтті. Енді бөбекжай тағы да біраз баланы қабылдай алады.

IMG-20220215-WA0016

Ауыл болған соң, ол абаттандыру жұмыстарын қашан да қажет етеді. Округ әкімдігі бұл жұмысты жыл басында жоспарлап, бірнеше мәрте ауыл мен оның айналасын тазартып тұрады. Сонымен қатар елді мекендер мен қатынастыратын жолдар қыста қардан тазартылып, жаз айларында тегістеліп жатады. Тамыз айында ауыл тұрғындары түгел жиналып, «Таза жағалау», «Таза орман» акцияларын ұйымдастырады. Ол шарада Жайық өзеніне жақын орналасқан Янайкин, Скворкин, Богатск ауылдарындағы өзен-көл жағасы қоқыстан тазаланып, жиналған қоқыс арнайы орынға жеткізілді.

Халықты әлеуметтік қолдау жұмысы да ауылда ретке қойылған. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар мен кедей жанұяларды қолдау үшін округтің ауылшаруашылық құрылымдары және Янайкин орман шаруашылығының мамандары демеушілік білдіріп, тегін отын беріледі.

IMG-20220215-WA0017

-Округте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан 23 жалғызбасты қарияға қызмет көрсететін 5 әлеуметтік қызметші жұмыс істейді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты жұмысқа 52 адам орналастырылды. Атап айтсақ, «Ақ Орда Capital» ЖШС – 28, су құбыры құрылысына – 10, мектеп құрылысына 13, медициналық пунктіне – 1 адам. Қысқа мерзімді оқу бойынша жоспар 100% орындалып, 1 адам аспаз мамандығына оқыды. Мал шаруашылығының дамуына несие алған 1 адам жұмысын бастады. Грант беру жұмысы да 100% орындалды, «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 1 адам қой шарауашылығын дамыту бойынша грант иеленді,-деді өз баяндамасында округ әкімі Сәуле Аққайырова.

Осы кезге дейін біраз істің басын қайырған ауылдық әкімдігі биыл Янайкин ауылының ішкі жолдарына асфальт төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, елді мекендерге көше жарығын орнату жұмыстарын жалғастыру, Янайкин ауылына кіретін екі шақырым жолды жөндеу, кіреберіс жолға жарық шамдарын орнату жұмыстарын жоспарлап отыр. Соңғысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған.

IMG-20220215-WA0014

Ауыл әкімінен соң аудан басшысы сөз алып, осы кезге дейін жасалған жұмыстарын жіпке тізді. Ауданда атқарылған жұмысқа разы болған янайкиндік ағайын бұрақы ит, орман ішінен қураған ағашты отынға алу, ауыл көшелерін жарықтандыру сияқты мәселелерді көтерді.

IMG-20220215-WA0018

Аталған сұрақтарға аудан әкімі толық әрі нақты жауап берді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале