13.09.2021, 9:25
Оқылды: 60

"Мың бір мақал – сөздің інжу-маржаны"

Дәл осындай атаумен Сырым ауданында Тілдер мерекесіне орай оқушылар өзара мақал-мәтел байқауында бақ сынады.

3
Байқауда "Кім көп біледі?", "Мақал – сөздің мәйегі", "Даналық ойдан дән ізде", "Не деу керек мұндайда?", "Полиглот" секілді әр кезеңде аудандық мектеп-лицейдің, Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің оқушылары мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, олардың мағынасын түсіндіріп, талдап, өзге тілдерге аударма жасау бойынша ой жарыстырды.

4
Нәтижесінде "Жаһанша жүйріктері" ой жүріктігін дәлелдеп, І орын, лицейлік "Жалын" ұтқыр жауаптарымен ІІ орын иеленсе, "Қадыр қырандары" ІІІ орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаздарға қазылар алқасының төрағасы, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

2

 

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале