29.09.2020, 14:44
Оқылды: 81

Отан қорғау – қасиетті борышы

Анандан ұл боп туған соң Отан-Ананы қорғау жазылмаған міндет, өтелуі керек парыз. Десе де ер балаларымыз осы парызына атүсті қарайтыны, әскерге барудан қашқақтайтыны жасырын емес.

Әскери

Біреулер денсаулығының кемшіндігімен әскерге алынбай қалса, саулығы мықты, керемет сарбаз боларлық зіңгіттей азаматтарымыз әскерге барудан басын ала қашады.

Бес саусақ бірдей емес, әрине. Әскерге шақырылғанда мектептегі білімін түрлі оқу орындарында жалғастырып жатқан жерінен өз еріктерімен әскерге қатар алынған сарбаздарымыз да бар. Осы орайда студенттік қызығы мол қимас кезеңін әскери тәртіптегі өмірге өз еріктерімен айырбастаған бөкейлік азаматтарымыз сайқындық Әділет Шүкірғалиев, шоңайлық Әлем Хабиев, Дидар Баяшовтарды үлгі етеміз.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, жылына екі рет көктем және күз мезгілінде жүргізіледі. Әскер қатарына 18-27 жас аралығындағы жастар шақырылады. Отан алдындағы борышын өтемеу – заң бұзушылық деп есептелініп, құқықбұзушылықтың бұл түріне жаза қолданады.

Отан алдындағы борышын өтеуге құлықсыз азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырудан бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, әскери қызметтен жалтару ісі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде одан жалтарғандарға бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі (2 778 000 теңге) мөлшерде айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан шектеп, түзеу жұмыстарына жіберіледі немесе көрсетілген мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Әскерге бармау үшін өз денсаулығына зиян келтіріп, жалған құжат жасау немесе әскерге бармаудың амалын жасағандарға үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру шектеледі. Егер әскерге шақырылушы тексеру органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру бөлімшесіне өз еркімен келсе, онда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

 

Асхат Сан,

Бөкей ордасы аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы, подполковник

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале