7.02.2022, 11:31
Оқылды: 61

Озерныйда өткен "Қыс қызығы" апталығы

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный негізгі орта мектебінің ұстаздары бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қыс қызығы» атты қызыққа толы апталық ұйымдастырды. Оқушыларды табиғатқа жанашырлық танытып, экологияға үлкен мән беруге баулу мақсатында өткізілген шараға білім ордасының оқушылары мен ұстаздары түгел қатысты.  

InShot_20220207_113018273

Қызықты шара ашылуында мектеп директоры А. Кемешов оқушыларға құттықтау тілегін айтып, сәттілік тіледі. Елде орын алған жағдайға байланысты әр сынып өз алдына жұмыстанды. Алғашқы күні бірінші сынып оқушылары «Қыс қызығы» атты суреттер көрмесін ұйымдастырса, екінші күні  «Тез ойлан, тез шығар, сізден бұрын кім болар?» атты қызықты математика жарысына екінші сынып оқушылары қатысты.

IMG-20220207-WA0038

Ал тамаша апталықтың үшінші күнінде оқушылар «Біз құстарға қамқормыз!» атты акцияға қатысты. Оның барысында үшінші сынып оқушылары қыстап қалатын құстарға ұя жасап, жем  салып, қамқорлықтарын көрсетті. Бүлдіршіндердің қызығушылығын оятып, ұмытылмас сезім сыйлаған шара осы болды. Білім алушылардың шығармашылығын шыңдауға да үлкен көңіл бөлетін мектеп ұжымы шәкірттердің қолөнерге қызығушылығын ояту мақсатында оқушылар жасаған бұйымдардың көрмесін өткізді. Ал апталықтың бесінші күні «Мен суретшімін» айдарымен «Қарға сурет салайық!» атты ұжымдық сайыс өткізілді. Оған қатысқан оқушылар аулаға шығып, қарға түрлі суреттер салды.

IMG-20220207-WA0036

Қызыққа толы бір апта қорытындысында үздік оқушылар мен белсенді шәкірттер марапатталды.

А.Түрекеева,

Бәйтерек ауданы 

Озерный мектебінің мұғалімі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале