13.09.2022, 19:34
Оқылды: 43

Покатиловкаға асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы әкелінді

Теректі ауданының Покатилов ауылдық округінде мал өсіру — ауыл шаруашылығындағы басты бағыттардың бірі. Сондықтан да аталмыш ауылда бұл сала жақсы дамыған.

IMG-20220913-WA0026

Айта кетейік, өткен жылы ауылдың 22 тұрғынына нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 583 400 теңгеден (әр тұрғынға) қайтарымсыз грант берілген еді.

IMG-20220913-WA0028

— 2021 жылдың қараша айында грант алған 13 ауыл тұрғынына Павлодар облысынан сүтті бағыттағы симментал тұқымды қашар әкелінді. Ал енді қалған грант иелеріне таяуда тағы да осы облыстан асыл тұқымды мүйізді ірі қара әкелініп таратылды. Мал алған грант иелері «Достық» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне мүше болып кірді. Сондай-ақ, кооператив төрайымы К. Сералиева кооперативтің жаңа мүшелеріне мал азығы — жем-шөппен жәрдемдесіп отыр, — дейді Покатилов ауылдық округінің әкімі Әділбек Дусенов.

Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале