Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістерін арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Жиынға Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева мен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Ниетқалиева қатысты.
Басқосуда салық түсімдерін көбейту, қосымша кіріс көздерін анықтау және жаңа инвестициялық жобалар арқылы кәсіпкерлікті қолдау бағыттары жан-жақты қарастырылды. Облыстық басқарма өкілдері өңірдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына бюджетті толықтыру мен инвестиция тарту бойынша берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын міндеттеді.
Мөлдір Сәдір,
Шыңғырлау ауданы