27.07.2021, 9:45
Оқылды: 126

Шыңғырлауда отбасын сақтаушы әйел-аналарға арналған семинар өтті

Шыңғырлау ауданы орталығында «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Отбасы берекесін сақтаудағы аналардың, әйелдердің рөлі» атты облыстық семинар-кеңес  ұйымдастырылды. Оған ауданның үкіметтік емес ұйым өкілдері, іскер әйелдер, қоғамдық келісім және аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар, мектеп психологтары, полиция қызметкерлері қатысты.

IMG_7756

Облыстық семинар спикері «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова, Орал қаласындағы  тұрбыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған облыстық дағдарыс орталығының психологі Әсем Жақсымбетова, отбасылық кеңесші Гүлмира Төлегенова практикалық сабақтар өткізіп, семинарда іс-тәжірибе алмасу жұмыстары ұйымдастырылды.

IMG_7728

Қала мен ауыл психологтары және тәрбие, отбасы мәселелеріне тікелей араласушы органдардың мамандарының ортақ ойлары осы семинарда ортаға салынып, бүгінгі таңдағы және алдағы уақыттағы атқарылар істер талқыланды. Отбасы құндылығын дәріптеу отбасынан басталатынын айта келе, қатысушылар жасөспірімдер, жас отбасылардың біліміне, сана-сезіміне, жүрген ортасына қарай  дәстүрлі тәрбиеге сызат түсу қаупі барлығын жасырмады. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің жиілеуі осыған дәлел. Осы бағытта, жанұяда қиын мәселені болдырмау, алдын алу үшін психолог мамандарының жұмыс әдістерінен  практикалық сабақтар өткізілді. Семинар жұмысына отбасында жиі мәселе туындайтын төрт жанұя қоса шақырылып, психологиялық тренингтерге қатысты. Сонымен бірге, семинарға келушілер психологтарға көптеген сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

                                            Айбарша Лекер,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале