24.05.2021, 9:28
Оқылды: 138

Шыңғырлауда – жаңа имам 

Өткен аптада Шыңғырлау аудандық мешітінде қасиетті жұма намазында Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек қажы Жанұзақұлы ауданға арнайы барып, жамағатқа ауданның жаңа бас имамы Еламан Тимурұлын таныстырды. Аудан имамы қызметін атқарған Ринат Кенжеғалиевке сәттілік тілеп, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық мешітініне имам болып тағайындалғанын жеткізді.

им

Еламан Баядил 2012-2015 жылдары аралығындағы Орал медресесінің түлегі.

Ақжайық аудандық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

2021 жылы ҚМДБ-ның төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, бір ұлы бар.

 

                                           ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале