Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жосалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуді округ әкімі Батырғали Иманқұлов жүргізді.
Жиналысқа Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Қобыландыұлы, аудандық электр торабының басшысы Мақат Қаршығаұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бағдат Аманжолұлы, аудандық ветеринарлық инспекция басшысы Равиль Темірболатов және мансап орталығының басшысы Сәбит Сайлауұлы қатысып, өз қызметіндегі атқарылған жұмыстарын баяндады.
Батырғали Иманқұлов округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.
2024 жылдың II жартыжылдығында округтегі аз қамтылған және көп балалы 2 отбасы қайтарымсыз грант алды. Бірі мал, екіншісі құс шаруашылығын дамытқысы келеді. Ауыл адамдарының әр бастамасы қолдауға лайық. - деді ауыл әкімі.
Жосалылықтар тозған электр желілерін жөндеу мәселесін айтты.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы