29.12.2021, 9:40
Оқылды: 36

Сырымдық қаламгерлер жетістігі

Орал қаласындағы Қ.Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында ҚР Жазушылар Одағының БҚО филиалы жылдың әдеби қорытындысын өткізді. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, КСРО және ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман бастаған зиялы қауым өкілдері, өңірдегі ақын-жазушылар қатысты. 

1CD6924C-CCF1-440E-B040-9C52E98BCCC8

Осы мәжілісте сырымдық ақындар Махмет Қажиахметов пен Бауыржан Ширмединұлы ҚР Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды. Мүшелік билетті Одақтың басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет табыс етті.

Сол секілді ҚР Журналистер Одағының мүшелері, белгілі қаламгерлер Энгельс Шыңғали мен Мүсірбек Айташев Ақжайық өңіріндегі әдебиет ісін ілгерілеткені үшін Б.Ойшыбаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері атанды. Төрт таланттың да «Сырым елі» газетінің редакциясында еңбек етіп, шығармашылықтарын газет қабырғасында шыңдағандары - біз үшін мақтаныш.  

Жиын соңында ҚР Жазушылар Одағының БҚО филиалы төрағасы Бауыржан Халиолла сөз сөйледі.

 «Сырым елі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале