Елімізде жүзеге асып жатқан бағдарлама аясында жеке кәсіпкер Ақнұр Жұмағалиеваның қолға алуымен аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға және әлеуметтік осал топтары үшін жаңа жартылай жеке тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, нәтижесінде тұрғындар жаңа қоныс иесі атанды.
Нақтырақ айтсақ, бүгін жаңа жыл қарсаңында Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылында екі пәтерлік жеке тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, мәслихат депутаттары қатысты.
Қалаубек Баубекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Ақжол Тастайбеков пен Кристина Елфимоваға баспана кілттерін табыс етті.
Содан соң қонысқа қадам басқан ол тұрғын үйдің сапасын жоғары бағалап, шаңырақ иелерімен пікір алмасты.
Ақжол Серікұлының әжесі арнайы келіп, ақ батасын берді. Осындай қолдауға ризашылығын білдірді.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы