27.12.2024, 10:00
Оқылды: 178

Бөрліде спартакиада өтті

Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде «AQJOL» демократиялық партиясының жүлдесіне арналған ауданымыздың бюджеттік кәсіпорын және мекеме қызметкерлерінен құралған командалар арасында аудандық спартакиада өтті.

ФОК (2)

Спартакиада аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортты кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушы командалар арасында Ақсай қаласының №1, №3, №4, №7 ЖОББМ, №6 МЛ, Бөрлі ауылдық округінің №1 ЖОББМ, Кеңтүбек, Жарсуат ЖОББМ, Пугачев МББК, аудандық БЖСМ және «Ақсай» спорт кешенінің қызметкерлері бар.

Аудандық спартакиадаға қатысып отырған қонақтар қатарында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов, аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Ермекбаев, «AQJOL» демократиялық партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағамбетов, аудандық «AQJOL» демократиялық партиясының мәслихат төрағасы Юрий Казанин, аудандық «AQJOL» демократиялық партиясының мәслихат депутаттары Бақытжан Ғаділшиев, Алма Елеусінова мен Серік Дүйсеновтер бар.

Жарыстың қорытындысы бойынша волейболдан №4 ЖОББМ, үстел теннисінен «Ақсай» спорт кешені, асық ату және бес асықтан №6 мектеп-лицей, арқан тартудан БЖСМ командалары І орынға ие болды. Жалпыкомандалық есепте «Ақсай» спорт кешені – І орын, Бөрлі а/о №1 ЖОББМ – ІІ орын, ал №6 мектеп-лицей – ІІІ орынға ие болды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале