27.12.2024, 10:30
Оқылды: 192

Жаңақалада аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында дәстүрлі әкім шыршасы өтті. «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» шарасына арнайы келген аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы бүлдіршіндерге ақжарма тілегін жолдады.

IMG-20241226-WA0015

Әсем кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар да ортадан табылды. Сонымен қатар, ертегі әлеміндегі әсем көріністер, көз тартарлықтай безендірілген жасыл шырша айналасындағы ғажайыпқа толы қойылым, әнмен өріліп, дүбірлі думанға айналды. Оған дәлел, жиналған бөбектердің ұйымдаса сан алуан ойындарды ойнап, ерекше езу тартқан күлкісі еді. Көптен күткен жаңа жылдық шырша шамы жағылып, қатысушылардың көңілін көтеруге асыққан «Қызғалдақ» би ансамблі (жетекшісі Э.Валиева) өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа жылды шат көңілмен қарсы алған балалардың мерекесіне аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов төбе көрсетті.

IMG-20241226-WA0017

Айта кету керек, аталған шараға 14 жалпы орта білім беретін мектебінен барлығы 25 оқушы қатысты. Мерекелік думан соңында балғындар отбасына және өзіне арналған тәтті сыйлықтар мен аудан басшысының атынан ақшалай сыйлықтарға ие болды. Мұндай көріністің артында үлкен еңбек пен талпыныс жатқанын бірі білсе, бірі білмес. Бұл ретте аудандық білім беру бөлімі мен Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебі және аудандық жас туристер станциясы, мектептен тыс жұмыс орталығы мамандарының еңбегі зор.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале