21.12.2023, 20:36
Оқылды: 139

Теректілік белгілі актриса марапатқа ие болды

Облысқа танымал тұлға, Х.Бөкеева атындағы драма театр актрисасы, Теректі ауданының құрметті азаматы Эльмира Мақашева кезекті марапатына ие болды.

image-21-12-23-05-52
Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров Эльмира Мақашеваға «Теректі ауданына 90 жыл» төсбелгісін табыстады.

- Мен үшін Теректі ауданы өте жаныма жақын мекен. Осы ауданда дүниеге келіп, үлкен өмірге қанат қақтым. Қазір облыс орталығында жүрсем де аудандағы барлық жақсылықтан хабардармын. Теректім де мені құшағына қысып, жақын тартудан жалыққан емес. Осы ауданның құрметті азаматымын. Теректі торқалы тоқсанға келгенде де өз перзентін өзектен тепкен емес. Бүгінгі марапат соның дәлелі іспетті. Осындай құрметке лайық көрген аудан басшылығына және барша жерлесіме алғысымды білдіремін, - деді танымал актриса.

Әділет Зере,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале