6.05.2026, 23:00
Оқылды: 6

Теректілік Сұңғат Бекқалиевке «Үздік спорт қызметкері» төсбелгісі табысталды

Жуырда Ақжайық ауылдық спорт кешенінде 2011-2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында дзюдо күресінен ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, ардагерлер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бекқалиев Сұңғат Ерешұлының зейнетке шығуына арналған облыстық турнир өтті.

668476717_3264304980418040_2388353619474041438_n

Жарысқа келген дзюдошылар үш татамиде бақтарын сынауда.

669839345_3264391317076073_1711440793984288413_n
Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев қатысып, аудан әкімі Әлия Биғазықызының және теректіліктердің атынан алғысхат пен естелік сыйлығын тапсырды. Қазақы дәстүрге сай спорт ардагерінің иығына шапан жабылды. Одан бөлек өмірде сыйлас аға-бауырлары да айтулы турнирге келіп құттықтап, Сұңғат Ерешұлына құрметтерін көрсетті.photo-output
Аталған шарада облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының атынан Батыс Қазақстан облысының «Үздік спорт қызметкері» төсбелгісі табысталды.

666614132_3264391393742732_2050350525685467309_n
Сонымен қатар БҚО дзюдо және самбо федерациясының атқарушы директоры Нұфтолла Түменов құттықтап, алғысхат табыстап, иығына шапан жапты.

Дамир Мурадимов

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале