9.05.2024, 14:30
Оқылды: 52

Теректілік жайдарманшылар финалдық ойынға жолдама алды

Бүгінгі таңда жайдарман ойыны жастар арасында ерекше танымал болғанымен қоймай, қоғамдағы жақсы өзгерістерге сеп болуда. Өңірімізде де жүйелі түрде қолға алынып, жыл сайын жаңа есімдердің шығуына жол ашты. Расы керек, соңғы уақытта ауданда жайдарман ойындары кенжелеп қалды. Теректі ауданының намысын қорғайтын команда шықпай, біраз додадан қалыс қалдық.

FB_IMG_1715190783170

Бірақ жайдарманға қызығатын, сахнаға шыққысы келетін жастар жоқ деп айтуға келмес. Олар бар, тек қолдау беретін аға буын көре білуі тиіс. Осы орайда аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Нұрсұлтан Қадырғалиев мұны дереу байқап, жұмысты жастар маманы Дастан Төлеген мен Шаған мектебінің тәлімгері Бағжан Серіковке тапсырды. Олар «БХР» және «Бикеш» сынды жайдарман топтарын құрып, аудан абыройын Тасқала жайдарман лигасында қорғап, 1/4 финалдық ойынында сәтті ойын өрнегін көрсетіп, 1/2 финалдық ойынына жолдама алды.

FB_IMG_1715190785593

Айта кетейік, жалындаған жас жайдарманшылардың Тасқала ауданына баруын көлікпен қамтамасыз еткен аудандық білім беру бөлімі мен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Бұл бұрын-соңды болмаған жетістік! Сәттілік тілейміз!

Әлібек Қаржау,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале