12.11.2018, 14:53
Оқылды: 53

Төтеншеліктер қауіп-қатерді қаперге салды

Үй жағдайында, ғимараттарда орын алуы мүмкін қауіп-қатердің алдын алу үшін БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Рауан Қашқынбаев, аталмыш департаментің №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаев, Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Мұхтарұлы Жайық ауылында болды.

IMG_9033

         Чапаев ауылдық округіне қарасты бұл ауылдағы негізгі мектеп ғимаратында олар электр жабдықтарының, жылыту қазандықтарын тексерді. Мұғалімдер және оқушылармен жүздесуде Р.Қашқынбаев қандай да бір оқыс-оқиғалардың алдын алу үшін оқушыларға үйде, мектепте аса сақ болу керегін әңгімеледі. Мысалы, кейбір үйде электр сымдарының ақаулығынан, газды пайдалану ережелерін сақтамағандықтан өрт шығып жүргені айтылды.

         М.Қабақаев Жайық өзенінде және су арналарында күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіздік туралы айтты. Мұз қататын уақыт келді. Мұндайда суға жақындауға мүлде болмайды. Айталық, Жайық өзенінен топтанып өтуге мұздың қалыңдығы 15 см., жеңіл автокөлікке 35-40 см., ауыр жүк көліктеріне 80 см. болмай, тыйым салынады. Жайықта жылым жиі кездесетіні де қаперге салынды.

         Тұрғын үйлерді аралаған төтеншеліктер қауіптің алдын алу жөнінде жаднамалар таратып, тұрғындармен әңгімелесті. Аулаларда, шаруа қожалықтарында ірі көлемдегі жемшөпті жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 м. қашықтықта болу керегі айтылды. Көрсетілген қашықтықта жемшөпті жинау мүмкін болмаған жағдайда, өртпен күрес қызметі өкілдерімен ақылдаса отырып, қауіпсіздік барлық талабын орындаған абзал. «Жемшөпті қоралар мен шаруашылық құрылыстарының төбелеріне, электр желілерінің астына жинау түрлі өрт қаупін тудырады»,-деді Р.Қашқынбаев.

         Ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерболат Мұхтарұлының айтуынша, жемшөп аулаларына қатысты мұндай мәкіліктер жиі кездеседі. Көрші үйлер пішен аулалары, басқа да қорасы бір-біріне өте таяу салынып жатады. Аталған кездесулерде ережеге сай келмейтін сондай жағдайды түзеу еске салынды.

IMG_9057

Бекболат ҚАЛЕНОВ,

Ақжайық ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале