28.10.2022, 14:30
Оқылды: 40

Үкіметтік емес ұйымдармен өткен кеңес

Кеше Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы тақырыбындағы семинар өтті.

WhatsApp Image 2022-10-28 at 12.24.57

Семинар белгілі мәселелер бойынша жарияланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың маңыздылығы және қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік органдардың бірге  талқылауы мақсатында өткізілді.

Үкіметтік емес ұйымдар, түрлі бөлім мен мекеме басшылары, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері қатысқан жиынға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан төрағалық етті.

Жиында сөз алған «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ды қаржыландыру, волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, волонтерлік туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

WhatsApp Image 2022-10-28 at 12.24.57 (1)

Кезегінде сөз алған БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исанов мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаудағы басты рөлі жөнінде ой өрбітті.

Басқосуда «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Тайманқызы аудан жастары және жас отбасылармен  кездесіп, отбасы құндылығы, қағидалары, отбасыдағы зорлық зомбылық, жанұядағы бала тәрбиесі жөнінде психологиялық кеңес берді.

 Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале