28.12.2023, 14:30
Оқылды: 0

Үлкен еңбек ауылына таза ауыз су келді

Жаңа жыл қарсаңында Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық округіне қарасты Үлкен Еңбек ауылында су құбыры пайдалануға берілді.

жп тер су (1)

Ауыл тұрғындарының қуанышына Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев ортақтасты.

жп тер су (2)

Үлкен Еңбек ауылына таза ауыз су «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында жетіп отыр. Нысанды «Дәнекер» ЖШС жүргізген. Оған 503,8 миллион теңге шамасында қаражат бөлінген.

Халық көп күткен қуанышқа ортақтасып, жылы лебізін білдірген аудан басшысы Әлия Биғазықызы барша тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.

жп тер су (3)

- Құрметті ауылдастар! Баршаңызды келіп жеткен жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын.

2023 жыл аудан үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Күні кеше ауылда жаңа технологиялармен жабдықталған мектеп ашылса, міне бүгін таза ауыз су келіп отыр. Бұл мемлекетіміздің әр қазақстандыққа деген қамқорлығы. «Су - тіршілік көзі» демекші, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын, - деп ақ тілегін білдірді.

жп тер су (4)

«Дәнекер» ЖШС өкілі Жаслан Айдаболов пен Үлкен Еңбек ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Есен де ауылдастарының атынан алғысын білдірді.

жп тер су (5)

Салтанатты лента қию рәсімін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен Мұрат Есен жүргізді.

Мердігер компания өкілдері ауыл тұрғыны Бейбіт Бегембетовтың отбасына су жаңа кір жуатын машина сыйға тартты.

жп тер су (6)

- Ауылымызға таза ауыз су кіріп, қуанып жатырмыз. Екі жыл бойына салынып, бүгін міне халық игілігіне беріліп жатыр. Судың сапасы да жақсы. Осы күнге дейін суды құдықтан алып отырдық. Енді әр үйде таза су бар, - деді үй иесі Бейбіт Марленұлы.

жп тер су (7)

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале