2.03.2021, 9:14
Оқылды: 50

Ұры алысқа қашпады

Өткен апта соңында Бәйтерек ауданы, Трекин ауылдық округіне қарасты «Новь» саяжайындағы А.Розенбергке тиесілі үйдің терезесі арқылы кірген белгісіз азаматтар есікті іштен ашып, ондағы теледидар, су қыздырғыш, видеоплеер және диванды қолды қылған.

Burglar

Оқиға орнына бірден учаскелеік полиция қызметкерлері Б.Қуатов пен К.Тұрсынғалиев және жедел уәкіл А. Есенов пен Е.Сисенғалиев барған. Құқық қорғаушылардың жедел әрекетінің арқасында алдымен ұрланған заттарды тасымалдаған көлік анықталған. Тез арада машина иесінің мекен-жайына барған полицейлер ұрының да ізіне түсіпті. Үйді үптеген жан сол саяжайдың «К» есімді тұрғыны болып шықты. Ұры саунада демалып жатқан жерінде қолға түсті. Қолды болған заттар табылды. Қазіргі таңда К.-ның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды.

Ақпарат аудандық полиция бөлімінің инстаграм парақшасынан алынды

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Сурет polise_baiterek парақшасынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале