1.07.2026, 16:30
Оқылды: 8

Халықтық Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Бұл тарихи шешім ел азаматтарының ерік-жігеріне сүйенгендіктен, жаңарған Ата Заң көпшілік арасында Халықтық Конституция деген атауға ие болды.

image-01-07-26-12-26

Халықтық Конституция – заң үстемдігін нығайтып, әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған маңызды құжат. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтіп, демократиялық құндылықтарды дамытуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет етеді.

Ата Заң – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың басты кепілі. Сондықтан Конституцияда айқындалған қағидаттарды құрметтеу, заң талаптарын сақтау және елдің дамуына үлес қосу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Халықтық Конституцияның күшіне енуі Қазақстанның жаңару жолындағы тарихи бетбұрыстың нақты көрінісі. Бұл өзгерістер әділетті қоғам қалыптастыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді реформалардың берік құқықтық іргетасы болып қала бермек.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале