11.05.2026, 17:54
Оқылды: 27

Жалпақталдық палуан әлемді бағындырды

Астана төрінде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде жерлесіміз Ансарбек Ғайнуллин ел мерейін үстем етіп, қола жүлдегер атанды.

photo-output

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Жалпақталдың талантты ұланы тартысты бәсекеде табандылық танытып, қарсыластарынан басым түсіп, халықаралық додада Қазақстан туын биіктен көрсетті. Бұл — Ансарбектің Grand Slam деңгейіндегі алғашқы жүлдесі.

Жалпақталдың қара домалақ баласының әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрінуі — туған ел үшін үлкен мақтаныш. Ауыл спортының өркендеп, жас таланттардың биікті бағындырып жатқаны жастар үшін болашаққа бағдар.

Бүгінде қазақ дзюдосының абыройын асқақтатып жүрген Ансарбекке ауылдастары ерекше жанкүйер. «Жалпақталдың баласы жеңіс тұғырында!» деген сүйінші хабар барша аудан жұртшылығына зор қуаныш сыйлап жатқаны жасырын емес.

Ел намысын қорғап, көк байрағымызды халықаралық аренада желбіреткен жерлесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын! Қуан қазақ, қуан жерлестер!

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале