15.02.2024, 23:27
Оқылды: 10

Жамбыл ауылында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай кездесу өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Жамбыл ауылында Кеңес әскерлерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне 35 жыл толуына орай «Жат жерде жер жастанған батырлар» деген атаумен кездесу кеші өтті.

IMG-20240215-WA0160

БҚО Ауған соғысы ардагерлері одағының құрметті төрағасы Олег Пимонов, оның орынбасары Мұхтар Есболатов, ұйым мүшесі Нұрлан Өтегенов қатысты.

Іс-шараны Жамбыл орта мектебінің директоры Дамир Мырзағалиев ашып, атаулы күннің маңызын атап өтті. Бір минуттық үнсіздіктен соң Ауған соғысы жөнінде бейнеролик көрсетілді.

Жиналғандар кеш қонақтарымен сұхбаттасқан соң мектептің 9-10- сыныптар оқушылары автомат бөлшектерін жинақтаудан көрініс көрсетіп, жоғары баға алды. тамашалап жылдамдықтарына  бес деген баға берді.

Одан соң «Жат жерде жер жастанған батырлар» тақырыбында  кітап көрмесіне  шолу жасалды.

Кеш соңында мектеп басшылығы келген қонатарға «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар табыстап, әсерлі әңгімелері үшін ризашылығын білдірді.

 

 

 

Фарида Амандәулетова,

Жамбыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Мичурин ауылдық округі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале