2.07.2026, 9:45
Оқылды: 11

Жаңақалада «Әсем Қоңыр» республикалық домбырашылар байқауы басталды

Күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай республиканың түкпір-түкпірінен жиналған үздік домбырашылар ауданымызда бас  қосып, бақ сынаспақ.  Орал қаласында өткен “Күй мұра” республикалық конференциясынан шығып күй дүлділдерінің рухына тағзым етті. 
image-02-07-26-08-44-1 (1)
Конференциядан соң өнерпаздар мен зиялы қауым өкілдері дәстүрлі күй өнерінің алтын бесігі — Жаңақала ауданына келді. Қонақтар күйші Мәмен Мұратұлы мен Тұяқберді Шәміловтің зиратының басына барып, Құран бағыштады. Бұл — кейінгі ұрпақтың ұлы өнерді жеткізген халықтық таланттарға деген шексіз құрметінің белгісі.
image-02-07-26-08-44 (1)
Кеш бата «Достық» алаңында дүбірлі доданың ресми ашылу салтанаты өтті.  “Әсем Қоңыр» республикалық домбырашылар байқауының шымылдығы салтанатты түрде ашылды.  Астана,  Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Орал қаласынан жиналған нағыз дәулескер домбырашылар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, ертеңгі үлкен бәйгенің реттілігі анықталды. Осылайша, күй анасының рухы асқақтаған алғашқы күні өз мәресіне жетті.
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале