17.06.2021, 9:08
Оқылды: 77

Жаңақалалық Ерасыл қола жүлдеге ие болды

Жуырда Орал қаласында греплинг және греплинг-ги спорт түрлері бойынша «Батыс Батыры» атты республикалық ашық турнир өткен болатын.

Жарайсың, Ерасыл! (1)

Аудан намысын қорғаған жас палуан Ерасыл Ахметов 92 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, греплингтен және греплинг-ги спорт түрі бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Шымкент, Орал қалаларының мықты спортшылары бақ сынаған бұл жарысқа Ерасыл алғаш рет қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Жарайсың, Ерасыл! (3)

 

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале