18.10.2021, 18:45
Оқылды: 72

Жәнібекте «Үздік кітапханашы-2021» анықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен кітапханашылар күніне орай аудандық білім беру бөлімі «Үздік кітапханашы-2021» байқауын өткізді.

245871937_2451271915008809_2574400004233450511_n

Байқауға ауданның барлық мектебінің кітапханашылары қатысты. Сайыста эссе жазып, сценарий ұсыну кезеңінде жеребе арқылы тақырып таңдап, сол тақырыпқа сай түрлі шараларды ұйымдастырды.

Кітапханашылар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған виртуалды көрермен таныстырды. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, бақ сынасқан кітапханашыларды қазылар алқасы әділ бағалап, жүлделі 3 орынды Т.Жароков атындағы мектебінің кітапхана меңгерушісі Мира Иманғалиева мен Ө.Сахипов атындағы мектептің кітапханашысы Гүлжадыра Сатанова алса, 2 орынды Х.Халиуллин атындағы мектептің кітапханашысы Альбина Балғазиева иемденді. 1 орынды М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің кітапханашысы Мөлдір Әбілқалықова иеленді.

245831833_2451272001675467_2638687587759769588_n

«Үздік кітапханашы-2021» аталымын №1 мектеп-лицейінің кітапханашысы Гүлнар Мұқанова жеңіп алды. Жеңімпаздарға диплом және сыйлықтар табыс етілді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале