4.02.2021, 17:49
Оқылды: 82

Жәнібектік шаруалар асыл тұқымды мал өсіруге ден қоюда

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі тұрғындар алдында есеп берді. Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласына, соның ішінде аудан халқының негізгі күнкөрісі - мал шаруашылығына кеңінен тоқталды.

6EA2B2F7-FE76-484F-9F8C-694CBE6ED05A

- Жәнібек ауданында 12 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Өткен жылы Борсы ауылдық округіндегі «Мұқас» ШҚ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, шет елден 80 бас герефорд асыл тұқымды ірі қара сатып алды. Сонымен қатар Жақсыбай ауылдық округіндегі «Жақсылық» өз қаражаттарына 100 бас, «Ерсұлтан» 20 бас, «Жалын» 7 бас және Тау ауылдық округіндегі «Дархан» шаруа қожалықтары 25 бас отандық асыл тұқымды қазақтың ақбас және герефорд ірі қара малына қол жеткізді.

Ауданда 180 шаруа қожалығы және 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері жалпы көлемі 313,3 млн.теңге субсидия қаражатын игерді.

Сонымен қатар жыл басынан 157 шаруа қожалығы 504 бас асыл тұқымды бұқаларын және 15 шаруа қожалық 179 бас асыл тұқымды қошқарларын сатып алды.

2020 жылы 16 шаруа қожалықтың 16 бірлік ұңғыма құдықтары субсидияланды. Соның ішінде бұрғыланған құдықтардың жалпы шығыны 36 млн. теңгені құрап, шыққан шығындарының 80 пайызын, яғни 28 млн. теңге көлемінде субсидия алды. Сондай-ақ 49 шаруа қожалығы жалпы шығыны 98,8 млн. теңгені құрайтын 49 бірлік күн батареялары мен су сорғы насосын және электрогенератор құрылғыларын орнатып, 69,8 млн. теңге көлемінде субсидия алды. Ал «Елнұр» шаруа қожалығы 100 га алқапқа арпа егіп, 50 тонна өнім жинап алды. Талов ауылдық округіндегі «Құбаш» аруа қожалығы 2019 жылы 150 га жерге күздік қара бидай екті. Биылғы қуаншылыққа байланысты 100 га алқабы есептен шығарылып, 50 га жерден 20 тонна өнім алынды. Сонымен қатар мал азығы дақылдарын қамтамасыз ету мақсатында Талов ауылдық округіндегі «Құбаш» шаруа қожалығы 200 га жерге құмай (сорго) егіп, 150 тонна мал азығын жинады, - деді аудан әкімі.

Г.Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале