8.04.2023, 23:54
Оқылды: 11

Жерлестер туған жерге қолдау көрсетті

Жуырда ауданымызда 1 сәуір мен 1 маусым аралығында санитарлық айлығы жарияланған болатын. Айлық аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, ауылдарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Туған жердің табиғаты еліміздің түкпір-түкпіріндегі жерлестерді де бей-жай қалдырмады. Олай деуіміздің себебі жуырда Ақтау қаласында тұратын бір топ жерлестеріміз 300-ге жуық теректі туған жерге тарту етті.

IMG-20230403-WA0099

WhatsApp Image 2023-04-08 at 21.51.23

WhatsApp Image 2023-04-08 at 21.51.26

- Еліміздің батыс өңірі, Ақтау қаласындағы жерлестеріміз 50 дана ақтерек, 250 дана күл ағаштарының түптерін Казталов ауылына сыйға тартты, - деді Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Галимов.

Атап айтар болсақ, Ғалия Муратова, Данияр Батырғалиев, Нұрсұлтан Серікқалиев, Берікқали Жолдығали, Радик Дүйсенов, Абат Жасталапұлы, Рафих Өзбеков, Альбина Хайруллина, Светлана Муратова, Мирас Исқалиев, Азамат Ажғалиев, Нұрлан Қарабаев, Гүлден Иманғалиева, Асетхан Сұпығалиев, Қарсақовтар отбасы, Ержан Рысқалиев, Тұяқ Сабиров, Нұрғали Мұқатов, Медет Есқалиев, Қуат Ахметов, Флора Ғарифуллина, Роман Ажғалиев, Дамир Нұрғазиев, Мейрам Қарсақов сынды жерлестеріміз ауылды абаттандыруға өз үлестерін қосты.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале