17.06.2023, 12:26
Оқылды: 90

Жерлестері чемпионға ат мінгізіп, шапан жапты

Кеше Сырым ауданы әкімінің қабылдауында болып, құрметке бөленген самбодан Азия чемпионы, төрт дүркін Қазақстан чемпионы, самбодан Спорт шебері Қанат Жанғалиевті жерлестері, Жосалы жұртшылығы арнайы баннерлер дайындап, ауылдың жасы да жасамысы да ыстық ықыласпен ауыл сыртынан күтіп алды.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.48.53

Чемпионын күтіп алған жұртшылық ауылдың мәдени ошағына бет алып, Қанатын қаумалап, қауышуға асықты.
Азия чемпионы Қанат Берденғалиұлымен жерлестері еркін сұхбаттасып, жас ұрпақ өзіне қызықты сұрақтарын қойды.

Аудан әкімінің орынбасары, Қанат Жанғалиевтің әріптес інісі Артур Шерғалиев, ардагер ұстаз Асан Жүсіпов, Бейбітжан Елубаевтың жары Салтанат Елубаева, Қанат Жанғалиевтың туыстары атынан Лайық Бишаева, досы Берік Шадығалиев және округ әкімі Батырғали Иманқұлов, Жосалы орта-мектеп-балабақша кешенінің директоры Әскербек Тәжіғалиевтер Қанат Берденғалиұлын құттықтап, әдемі естеліктерімен бөлісіп, Әлем чемпионатына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.50.52 (1)

- Самбоға деген махаббатымызды оятып, белімізді буған алғашқы бапкерім, марқұм Бейбітжан Елубаев ағамыздың мен үшін орны бөлек еді. Талай додаға қатыссақ та, бапкеріміз өзгелер сияқты жанымызда жүріп айқайлап, жан дауысын шығармайтын. Жай ғана үнсіз, алыстан бақылап, тілеуімізді тілеп тұратын. Соның өзі мен үшін үлкен күш, жігер сыйлайтын. Бапкеріміз өзінің болмысымен, азаматтығымен үлгі еді бізге,- деді Азия чемпионы самбодан бапкері жайлы естелігінде.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.50.53

Кеш тізгінін алған жас маман Арман Ғабдықұлдың “Сіз үшін бақыт деген не?” деген сауалына:
- Мен үшін БАҚЫТ деген туған елімнің, отбасымның амандығы, сүйікті жұмысымның, шұғылданатын спортымның бары, артымда “ағалайтын” інілерім, алдымда “інім” дер ағаларым бар болғаны деп есептеймін, - деді ағынан жарыла Қ.Жанғалиев.

WhatsApp Image 2023-06-17 at 02.01.52

Жосалы ауылдық округінің әкімі Чемпионадарына құттықтау хат пен иығына шапан жапса, “Дос” шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Елекешов өз атынан ат мінгізіп, жерлестеріне сый-құрметтерін көрсетті.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.50.52 (2)

 

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.52.42 (1)

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.52.42

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.50.53 (1)

WhatsApp Image 2023-06-16 at 22.50.52

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале